Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 915 Қаулысы
(2026.24.10. берілген өзгерістермен)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар (бұдан әрі - шаралар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және ұйымдар (келісу бойынша) шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 915 қаулысымен
бекітілген
Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған
шаралар
| Р/с № | Жобаның/іс-шараның атауы | Аяқтау нәтижесі (жоба үшін)/ нысаны (іс-шара үшін) | Аяқтау мерзімі | Нәтижеге жауаптылар | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
| 1. Салықтық қылмыстар тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар |
| Мақсат: жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы кірістерді жылыстату, салықтар мен кедендік төлемдер төлеуден жалтару тәуекелдерін болдырмау, елден қолма-қол ақша қаражатын контрабандалық әкетуді болдырмау. |