Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | И. Оспанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 36 Бұйрығымен
бекітілген
Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер