Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36-8 шешімі
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № С-41-8 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № С-25/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6964 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.