«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 Қаулысы
(2020.30.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 38 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.03. № 40 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.03. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.03. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.03. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
көрсетілген қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілген «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшаға сәйкес бекітілген «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: