ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ
1-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату
2-бап. Негізгі жазаның мерзімдерін немесе мөлшерлерін қысқарту
3-бап. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар
4-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдану шарттары мен тəртібі
5-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған жəне жазасын оның шегінен тысқары жерде өтеп жатқан адамдарға, сондай-ақ жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану
6-бап. Осы тарауды іске асыру жөніндегі шаралар
2-тарау. ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ
7-бап. Əкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды əкімшілік жазадан босату
8-бап. Жасалған əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар
9-бап. Осы тарауды іске асыру жөніндегі шарттар мен шаралар
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты, ізгілік қағидаты басшылыққа алынып қабылданды.
1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ
1-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату
1. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан:
1) қылмыстық теріс қылықтар жəне (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
2) залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар босатылады.
2. Негізгі жазадан теріс мінез-құлық дəрежесі жоқ, осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасын өтеуіне бір жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар босатылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, іс жүргізудегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық процесті жүргізіп жатқан орган адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып тоқтатуға тиіс.
4. Жасағаны үшін міндетті түрде қосымша жаза тағайындау көзделетін, соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды сот негізгі жазадан босатады.
5. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар тек негізгі жазасын ғана одан əрі өтеуден босатылуға жатады.
2-бап. Негізгі жазаның мерзімдерін немесе мөлшерлерін қысқарту
1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының күші қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі немесе мөлшері олардың екіден бір бөлігіне қысқартылады.
2. Жазасын өтеп жатқан немесе оны əлі орындамаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жəне өздеріне қойылған талап қоюдың талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде:
1) ауыр қылмыстар бойынша - үштен бір бөлігіне;
2) аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне қысқартылады.
3. Осы баптың 2-тармағының күші қолданылмайтын адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері:
1) ауыр қылмыстар бойынша - төрттен бір бөлігіне;
2) аса ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігіне қысқартылады.
4. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған, теріс мінез-құлық дəрежесі жоқ, осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасын өтеуіне бір жылдан аспайтын уақыт қалған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады.
3-бап. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар
Осы тараудың күші:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған;
2) террористік қылмыстар жасаған;
3) экстремистік қылмыстар не экстремизм белгілері бар қылмыстар жасаған;
4) кəмелетке толмаған адам кəмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыстар жасаған;
5) азаптаулар жасаған;
6) қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған;
7) өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған;
8) қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз əскерилендірілген құралым құрамында қылмыстар жасаған;
9) өздеріне қатысты жаза орындалған жəне жазасын өтеген;
10) қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында олардың біріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;
11) үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың біріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;
12) жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыстар жасаған;
13) 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1959 жылғы 22 шілдеден кейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген қылмыс - қасақана кісі өлтіру (88-бап) үшін сотталған;
14) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 335-бабы екінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақтарында көзделген жағдайларда сот жазасын тағайындаған;
15) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (1997 жылғы 16 шілдеден кейін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстарды: адам өлтіру (96-бап); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап); азаптау (107-бап); адамның органдары мен тінін алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу (113-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-баптың үшінші бөлігі); заңсыз аборт жасау (117-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); нəпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-əрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу жəне нəпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-əрекеттер (122-бап); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нəпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-əрекеттерге мəжбүр ету (123-бап); жас балаларды азғындату (124-бап); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адамды саудаға салу (128-бап); кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-баптың екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту (132-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-бап); кəмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-баптың екінші бөлігі); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); басқыншылық соғысты жоспарлау, əзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу жəне жария түрде шақыру (157-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен əдістерін қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (162-1-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап); мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық (166-1-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уəкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлік (169-бап); Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-бап); диверсия (171-бап); мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату (172-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-баптың төртінші бөлігі); алаяқтық (177-баптың төртінші бөлігі); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне (немесе) оның қызметіне басшылық жасау (177-1-бап); тонау (178-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); мұнайдың жəне мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу (183-1-бап); автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың төртінші бөлігі); заңсыз банктік қызмет (191-бап); жеке кəсіпкерлік субъектісінің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мəміле (мəмілелер) жасасуы (192-1-бап); қылмыстық жолмен алынған ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (193-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігі); заңсыз сыйақы алу (224-бап); мəміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мəжбүр ету (226-баптың екінші бөлігі); рейдерлік (226-1-бап); міндеттеріне адал қарамау (232-бап); адамды кепілге алу (234-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-бап); қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-1-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-2-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-3-бап); ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын əзірлеу (235-4-бап); заңсыз əскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); үйлерге, ғимараттарға, қатынас жəне байланыс құралдарына шабуыл жасау (238-бап); əуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап əкету, сонымен бірдей қолға түсіру (239-бап); теңіз қарақшылығы (240-бап); жаппай тəртіпсіздіктер (241-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (242-1 бап); сапасыз құрылыс (245-1-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (246-1-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу (247-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап); қаруды заңсыз жасау (252-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап); бұзақылық (257-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру (261-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру (264-бап); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (269-1-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау жəне жеңгетайлық (271-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау жəне айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (273-1-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адам мəйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-баптың екінші бөлігі); темір жол, əуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы жəне көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-баптың бірінші жəне екінші бөліктері - алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдар жасаған жағдайда, үшінші бөлігі); көлік құралдарын сапасыз жөндеу жəне оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-баптың үшінші бөлігі); магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-баптың үшінші бөлігі); өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін жүзеге асыруға жəне алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (341-баптың төртінші бөлігі); көрінеу жалған сөз жеткізу (351-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мəліметтерді жария ету (356-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап); қылмыстық-атқару мекемесі əкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-бап); сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін жəне атқарушылық құжатты орындамау (362-баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың екінші, үшінші, 3-1 жəне бесінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүр ету (ауырлығы орташа зиян келтіруді қоспағанда, 368-баптың екінші бөлігі, үшінші жəне төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану іс-əрекеттері (ауырлығы орташа зиян келтіруді қоспағанда, 369-баптың екінші бөлігі, үшінші жəне төртінші бөліктері); бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде əскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (д) тармағын қоспағанда, 370-баптың екінші бөлігі жəне үшінші бөлігі); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-баптың екінші бөлігі); қашқындық (373-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тəсілмен əскери қызметтен жалтару (374-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-баптың екінші бөлігі); билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану (380-1-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қызметке селқос қарау (381-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нəрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-баптың үшінші бөлігі) қылмыстарын жасаған немесе солар үшін сотталған;
16) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстық құқық бұзушылықтарды: адам өлтіру (99-бап); аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (101-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету (105-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (107-бап); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-1-бап); ұрып-соғу (109-1-бап); қинау (110-бап); сталкинг (115-1-бап); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мəжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру (118-баптың үшінші бөлігі); қауіпті жағдайда қалдыру (119-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық əрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу (121-1-бап); көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кəмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу (122-бап); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттерге мəжбүр ету (123-бап); он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру (124-бап); адамды ұрлау (125-бап); некеге тұруға мəжбүрлеу (125-1-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адам саудасы (128-бап); кəмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды қоғамға жат əрекеттер жасауға тарту (133-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (134-бап); кəмелетке толмағандар саудасы (135-бап); баланы ауыстыру (136-баптың екінші бөлігі); кəмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз əкету (143-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға, таратуға, жарналамауға жəне сатуға тарту (144-бап); сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (150-бап); еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (156-баптың төртінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (161-бап); жаппай жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу (162-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен əдістерін қолдану (163-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уақытындағы əрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (166-бап); геноцид (168-бап); экоцид (169-бап); мемлекетке опасыздық жасау (175-бап); тыңшылық (176-бап); мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (185-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-баптың төртінші бөлігі); алаяқтық (190-баптың төртінші бөлігі); тонау (191-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қарақшылық (192-бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-бап); қорқытып алу (194-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың төртінші бөлігі); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, əкету немесе бүлдіру (203-бап); заңсыз банктік, микроқаржылық қызмет (214-1-бап); заңсыз коллекторлық қызмет (214-2-бап); іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша əрекеттер жасау (216-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне оған басшылық ету (217-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау (217-1-бап); қылмыстық жолмен алынған ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (218-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231-бап); банктік шотқа, төлем құралына немесе сəйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру жəне алу, сондай-ақ төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру (232-1-бап); шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу (233-1-бап); заңсыз сыйақы алу (247-бап); мəміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мəжбүрлеу (248-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); рейдерлік (249-бап); міндеттеріне адал қарамау (254-бап); ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру жəне оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап); қылмыстық қоғамдастық құру жəне оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап); трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру жəне оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру жəне оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап); қылмыстық топтың əрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын əзірлеу (266-бап); күзетілетін объектіге заңсыз кіру (269-1-бап); теңіз қарақшылығы (271-бап); жаппай тəртіпсіздік (272-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (274-бап); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (277-баптың үшінші бөлігі); сапасыз салынған құрылыс (278-баптың үшінші бөлігі); сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу (279-баптың екінші бөлігі); сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау (280-баптың екінші бөлігі); жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (281-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (282-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу (283-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу (284-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс істеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу (285-бап); айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-бап); қаруды заңсыз жасау (288-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (290-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап); өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (292-баптың үшінші бөлігі); бұзақылық (293-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы (295-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу (297-баптың төртінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өндеу, өндіру (297-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру (299-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (299-1-бап); құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру (300-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); прекурсорлардың, улы, күшті əсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы жəне күшті əсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы (301-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жəне осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру (302-бап); санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-баптың үшінші бөлігі); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету (306-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (308-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жəне жеңгетайлық (309-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау жəне олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (312-баптың екінші жəне үшінші бөліктері), бұған кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; өзін-өзі өлтіруді насихаттау (313-1-бап); адам мəйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алып қою (315-баптың екінші бөлігі); медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кəсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (317-баптың төртінші бөлігі); жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу (319-баптың бесінші бөлігі); заңсыз медициналық жəне фармацевтикалық қызмет жəне есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-баптың төртінші бөлігі); теміржол, əуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (344-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-1-бап); көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жəне алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру (346-бап); көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару (348-баптың төртінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру (349-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (351-баптың үшінші бөлігі); əуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау (352-1-бап); көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу (353-баптың төртінші бөлігі); магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (354-баптың төртінші бөлігі); алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның əуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, əуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру (358-баптың төртінші жəне бесінші бөліктері); басқаруға құқығы жоқ адамның əуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру (359-баптың төртінші бөлігі); билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-баптың төртінші бөлігі); жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша əрекетсіздігі (370-1-бап); құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы (370-2-бап); билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (380-баптың екінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктері); құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, əскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық (380-1-бап); жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану (380-2-бап); медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жəрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану (380-3-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға жəне сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кедергі жасау (407-бап); Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының жəне маманның өміріне қол сұғу (408-бап); конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (409-баптың төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші бөліктері); көрінеу жалған сөз жеткізу (419-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мəжбүрлеу (422-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мəліметтерді жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жəрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету (424-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу (426-бап); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері əкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-бап); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру (428-1-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-бап); сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау (430-бап); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-баптың үшінші, төртінші жəне алтыншы бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүрлеу (438-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану əрекеттері (439-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); əскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); қашқындық (442-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); əскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-баптың екінші бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу (444-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу (446-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-баптың үшінші бөлігі); билікті асыра пайдалану (451-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); бастықтың қызмет бойынша əрекетсіздігі (452-1-бап); қызметке салғырт қарау (453-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); əскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (459-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жəне нəрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу (463-баптың төртінші бөлігі); ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу (464-баптың үшінші бөлігі); адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, əскери ұшу аппаратын басқаруы, əскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-баптың үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері) қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасаған немесе солар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.