Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 113-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз үшінші абзацтарын, 2-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 3-тармағының алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«28. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»;