Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығы
(2016.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сай табиғи монополияларды реттеу жөніндігі кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | Т. Жақсылықов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы