«Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 445 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 132-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 243 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 445 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.»;
Жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың төтенше жағдайға ден қою кезіндегі басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген төтенше жағдайларға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл жасау алгоритмінде:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 240-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы
№ 445 бірлескен бұйрығына қосымша»;