2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 12/137 шешімі
(2018.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018.03.04. № 14/165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 15/176 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.13.07. № 17/193 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер - 30 868 934,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 20 546 080,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 135 833 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 700 887,5 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 4 486 133 мың теңге;
2)шығындар - 30 629 752 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 178 785,5 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 179 215,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 430 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 939 603,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 939 603,4 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 3 179 215,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 485 613,9 мың теңге.