Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 110-995 шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін интернет-ресурсында және Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 110-995 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.