Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қалалық мәслихатының
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 165 шешіміне 1- қосымша
Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және
тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарағанды қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;