ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.28.01. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.05.05. № 228 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
5-қосымша
«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (әрі қарай - Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті береді. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.