Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешімі
(2020.03.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VІ «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6427 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020.03.03. № 49/334-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 51 311 372,7 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 978 966,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 98 755,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 455 977,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 27 777 674,7 мың теңге;
2) шығындар - 49 406 220,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 23 339,5 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 31 832,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8 493,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - -33 112,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 215 311,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 248 423,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 914 924,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -1 914 924,9 мың теңге:
қарыздар түсімі - 31 812,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 335 218,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 388 481,1 мың теңге.