«2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 23/196-VIII шешiмi
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 726 152 238 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 363 485 476 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 19 608 332 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 28 687 189 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 314 371 241 мың теңге;
2) шығындар - 743 189 189 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 24 983 704 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 26 080 997 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 097 293 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 4 546 917 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 4 650 292 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 103 375 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 46 567 572 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 46 567 572 мың теңге.»;
2-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 23/196-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 11/93-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласының 2024 жылға арналған бюджеті
| | Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | Сыныбы | |
| | | | Ішкі сыныбы |
| 1 | 2 | 3 |
| | | | I. Кірістер | 726 152 238 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 363 485 476 |