Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 96), 97) тармақшаларына және 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 4 мамыр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 269 бұйрығымен бекітілген
Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация
нысанында медициналық көмек ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер