Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығы
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.
2. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 741 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 542 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11980 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда және 2015 жылғы 5 қарашада № 212 (28690) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;