Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ лизинг берушілердің исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 94 Қаулысы
(2026.16.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.28.09. № 134 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Егер ағымдағы күні лизинг берушінің лизингтік портфелінің көлемі (лизинг алушылардың ағымдағы мәмілелер бойынша лизинг берушінің алдындағы берешегінің көлемі) исламдық лизингтік қаржыландыру шеңберінде он бес миллиард теңгеден аспаса, лизинг берушілердің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай исламдық лизинг мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуына жол беріледі.
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;