Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 300-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 300-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы

3-бап. Осы Конституциялық заңның мақсаты мен міндеті

4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаттары

5-бап. Заңдылық

6-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының орнықтылығы

7-бап. Мемлекеттің бірлігі мен аумақтық тұтастығы

8-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің санаттары

9-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, оларға атау беру және оларды қайта атау, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту

10-бап. Ономастика комиссиялары

11-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың шекараларын есепке алу және тіркеу, оларды есепке алу деректерінен шығару

12-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІГІ

13-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі

14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

3-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІГІ

15-бап. Облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттіктері

16-бап. Аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттігі

17-бап. Астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттігі

18-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент, ауыл әкімінің өкілеттігі

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАУ ТӘРТІБІ

19-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің санаттарын өзгерту тәртібі

20-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін облыстар, аудандар, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдардың тізбесі

21-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдар деңгейінде шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдардың тізбесі

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

22-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

Осы Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау тәртібін айқындайды.

 

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Конституциялық заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудан - халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын, аудандық маңызы бар қалалардан (аудандық маңызы бар қаладан) және (немесе) ауылдық округтерден, кенттерден, ауылдардан тұратын, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік;

2) аудандық маңызы бар қала - халқының саны кемінде 10 мың адам болатын, аумағында кәсіпорындар, тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының дамыған желісі, мәдени-ағарту және сауда объектілері бар елді мекен;

3) ауыл - халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен;

4) ауылдық округ - халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын, екі және одан көп кенттерден және (немесе) ауылдардан тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік;

5) әкімшілік-аумақтық бірлік - Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі, оның шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады.

Әкімшілік-аумақтық бірлікке облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, кент, ауыл жатады;

6) әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасы - әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағынан бөліп тұратын оның сыртқы сызығы;

7) елді мекен - халқының саны кемінде 50 адам болатын, тұрақты тұруға арналған Қазақстан Республикасы аумағының халық ықшам қоныстанған бөлігі;

8) кент - халқының саны кемінде 500 адам болатын, өнеркәсіптік, көліктік, энергетикалық, рекреациялық не өзге де шаруашылық кызмет негізінде құрылған, кент пен оған іргелес аумақтардың тұрғындарына кызмет көрсетуге арналған базалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген елді мекен;

9) қаладағы аудан - халқының саны 400 мың адамнан асқан кезде астанада, республикалық маңызы бар қалада, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалада құрылатын әкімшілік-аумақтық бірлік.

Қаладағы аудан халқының саны кемінде 200 мың адам болуға тиіс;

10) облыс - облыстық маңызы бар қалалардан (облыстық маңызы бар қаладан) және аудандардан тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

11) облыстық маңызы бар қала - халқының саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар ірі экономикалық және мәдени орталық саналатын елді мекен, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Облыстық маңызы бар қалаға құрылуының тарихи алғышарттары ескеріле отырып, халқының саны 50 мың адамнан аз қала да жатады;

12) оқшау қоныстар - әкімшілік немесе аумақтық жағынан елді мекендермен байланысты және статистикалық мақсаттарда есепке алынатын, халқының саны 50 адамнан аспайтын, ауыл шаруашылығы немесе өзге де кызметті жүргізуге арналған, адамдар тұрақты немесе уақытша қоныстанатын қоныстар не оқшау шаруашылық объект.

Оқшау қоныстарға теміржол станциялары немесе разъездері, орманшылықтар немесе орманшы үйлері, маусымдық жұмыстарға, шалғайдағы мал шаруашылығына және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған ғимараттар (құрылыстар), жалғыз үйлер, қыстақтар, қыстаулар мен өзге де қоныстар жатады;

13) өңір - Қазақстан Республикасының мүддесі үшін құрылатын және басқарылатын, құрамына бірнеше елді мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;

14) республикалық маңызы бар қала - ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халқының саны бір миллион адамнан асатын елді мекен, онда жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Конституциялық заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Алатау қаласындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс жүйесінің жұмыс істеу, оның шекараларын белгілеу және өзгерту ерекшеліктері «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында айқындалады.

 

3-бап. Осы Конституциялық заңның мақсаты мен міндеті

1. Осы Конституциялық заңның мақсаты - тиімді мемлекеттік басқару үшін Қазақстан Республикасының ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

2. Осы Конституциялық заңның міндеті - әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың мәртебесін өзгерту, шекараларын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ есепке алу және тіркеу тәртібін реттеу.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаттары

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) заңдылық;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының орнықтылығы;

3) мемлекеттің бірлігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарына негізделеді.

 

5-бап. Заңдылық

Әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың мәртебесін өзгерту, шекараларын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ есепке алу және тіркеу осы Конституциялық заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде жүргізіледі.

 

6-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының орнықтылығы

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының орнықтылығы әкімшілік-аумақтық бірліктер жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі арқылы қамтамасыз етіледі, бұл ретте әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың мәртебесін өзгерту, шекараларын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ есепке алу және тіркеу осы Конституциялық заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде жүргізіледі.

 

7-бап. Мемлекеттің бірлігі мен аумақтық тұтастығы

Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысы Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмауы және бөлінбеуі ескеріле отырып қалыптастырылады және жұмыс істейді.

 

8-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің санаттары

1. Мемлекеттік басқаруды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы өңірлер мен елді мекендер болып бөлінеді.

2. Өңірлер - облыс, аудан және ауылдық округ.

3. Елді мекендер қалалық және ауылдық елді мекендер болып бөлінеді:

1) қалалық елді мекендерге астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар жатады;

2) ауылдық елді мекендерге әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, қалған барлық елді мекендер жатады.

4. Елді мекендердің құрамдас бөліктері болады.

Елді мекендердің құрамдас бөліктері - қаладағы аудандар, шағын аудандар, орамдар, даңғылдар, көшелер, тұйық көшелер, тұрғын алаптары, алаңдар, бульварлар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер.

 

9-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, оларға атау беру және оларды қайта атау, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту

Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз өкілеттігі шегінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және оларды қайта атау туралы шешім қабылдайды.

Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттігі шегінде Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік цифрлық жүйелерді, цифрлық карталарды және кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жаңартуды және жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беруге, оларды қайта атауға байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

10-бап. Ономастика комиссиялары

Ономастика комиссиялары Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында құрылады.

Ономастика саласындағы уәкілетті органның жанынан Республикалық ономастика комиссиясы, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жанынан астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ономастика комиссиялары құрылады.

 

11-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың шекараларын есепке алу және тіркеу, оларды есепке алу деректерінен шығару

Тұрақты халқының саны кемінде 50 адам болатын және дербес елді мекендер болып саналатын елді мекендер есепке алынуға және тіркелуге тиіс.

Оқшау қоныстар әкімшілік немесе аумақтық жағынан байланысты елді мекендер құрамында есепке алынады.

Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың құрамына енгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған елді мекендер дербес елді мекендер мәртебесінен айырылады және есепке алу деректерінен шығарылады.

Елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту осы елді мекеннің бекітілген бас жоспары немесе оны дамыту және онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Астананың, облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасындағы мекенжайлар туралы мәліметтерді жасауға, жинақтауға, өңдеуге арналған цифрлық жүйе арқылы казіргі бар әкімшілік-аумақтық бірліктерді есепке алуды және жаңадан құрылатындарын тіркеуді, оларға атау беруді және оларды қайта атауды жүзеге асырады, сондай-ақ есепке алу деректерінен шығарады.

 

12-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру

1. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар ономастика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.

 

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН

ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІГІ

 

13-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып:

1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкімшілік орталықтарын белгілейді және өзгертеді;

2) елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгілейді және өзгертеді;

3) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерін шешеді;

4) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

 

14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкімшілік орталықтарын белгілеу және өзгерту туралы ұсыну енгізеді;

2) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;

3) Қазақстан Республикасының Президентіне елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгілеу және өзгерту туралы ұсыну енгізеді;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру қағидаларын бекітеді;

6) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде ұсыну енгізеді;

7) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру туралы шешім қабылдайды;

8) өзіне Конституцияда, осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

 

3-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІГІ

 

15-бап. Облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттіктері

Облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары бірлескен шешіммен:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстың шекараларын өзгерту, аудандарды құру және тарату, олардың әкімшілік орталықтарын белгілеу және өзгерту, елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісуімен облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;

3) аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің шекараларын белгілейді және өзгертеді, кенттерді, ауылдарды бір ауданнан екінші ауданға немесе қаланың әкімшілік бағынысына беру туралы мәселелерді шешеді;

4) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, кенттерді, ауылдарды кенттер немесе ауылдар санатына жатқызады, ауылдық округтерді, кенттерді, ауылдарды құрады, қайта құрады және таратады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертеді;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізеді;

6) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуымен Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып шешеді;

7) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қаладағы аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып шешеді;

8) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныс енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттікті атқарады.

 

16-бап. Аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттігі

Аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары бірлескен шешіммен:

1) облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына елді мекендерді аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді;

2) облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына кенттерді, ауылдарды кенттер немесе ауылдар санатына жатқызу, ауылдық округтерді, кенттерді немесе ауылдарды құру, қайта құру және тарату, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тіркеу туралы ұсыныс енгізеді;

3) ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, кенттердің, ауылдардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;

4) облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныс енгізеді;

5) облыстардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарына ауылдық округтерге, кенттерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсынысты тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып енгізеді;

6) Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып шешеді;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттікті атқарады.

 

17-бап. Астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттігі

1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне астананың, республикалық маңызы бар қаланың шекараларын өзгерту, оның ішінде олардың құрамына ауылдық округтерді, кенттерді, ауылдарды енгізу туралы ұсынысты бірлескен шешіммен енгізеді;

2) бірлескен шешіммен қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;

3) Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген астананың, республикалық маңызы бар қалалардың ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қаладағы аудандарға, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып шешеді;

4) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ұсынысты бірлескен шешіммен енгізеді;

5) жергілікті атқарушы органдар қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!