Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығы
(2024.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2022.14.06. № 130 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.20.02. № 24 бұйрығымен (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы бойынша есеп» № 5 нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5А нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5К нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған әкімшілік іске (талап қою) 1-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 2-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 3-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;