Введите номер документа
Прайс-лист

«Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 24 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 апреля 2016

Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін ұсыну туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 Қаулысымен күші жойылды

 

2003 жылы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Акционерлік қоғамы, тұрақтандыру банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) өз үлестес тұлғаларының тізімін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

2. Үлестес тұлғалардың тізімін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсыну жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғам үлестес тұлғалардың тізімін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы ілеспе хатпен электрондық тасымалдағышта (Excel форматындағы электрондық кестелер) ұсынады.

Электрондық құжаттар түрінде (Excel форматындағы электрондық кестелер) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылған үлестес тұлғалардың тізімі электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылады.

3. Ұлттық Банк акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7719 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами