Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 299 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36081 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жасанды интеллект моделі - арнаулы міндеттерді орындау үшін әзірленген және өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделе алатын, жинақталған тәжірибе негізінде оқып-үйренуге болатын және өз қызметінің процестері мен нәтижелерін оңтайландыра білетін бағдарламалық өнім;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлттық сөздік қорды қалыптастыру жүйені пайдаланушыларға функционалдық және цифрлық сервистерге қолжетімділік беруді көздейді.»;
8-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлттық сөздік қорға қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды, деректерді жинауға, өңдеуге және жүйелеуге арналған цифрлық жүйенің техникалық ерекшеліктерін және техникалық қызмет көрсету кестесін бекітуді;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Ұлттық сөздік қормен интеграциялануға қабілетті цифрлық ресурстардың тізбесін қалыптастыруды;
6) ашық деректер платформаларын пайдалануды және цифрлық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді қамтиды.»;
10-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) цифрлық жүйеге енгізілетін деректер қорын жинауды, өңдеуді, сақтауды жүзеге асыруды;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: