«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегi № 594 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 8-1) және 17-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
«1-1) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;»;
«8-1) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;»;
«17-1) осы бұйрыққа 17-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 1-1, 8-1, 17-1-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13,14, 15, 16, 17, 18, 19-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.