Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 463 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 221 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.А. Өрсариевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Асылова |
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р.Е. Дәленов 2019 жылғы «___»________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұлов 2019 жылғы «___»________ |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің м.а.
2019 жылғы 4 қазандағы
№ 433 бұйрығымен
бекітілген
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2019-2021 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: ҚР БҒМ Жауапты хатшысы А. Өрсариев