Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығы
(2026.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.28.10. № 637/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024.14.08. № 490/НҚ бұйрығымен (2024 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.28.10. № 637/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 163) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.28.10. № 637/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері бекітілсін.
2. Мыналардың: