«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 «Қазақстан Республикасында өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 194 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 «Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарында:
Осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
Осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы | К. Кажкенов |
«КЕЛІСІЛГЕН»