«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 167 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 03/50 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3437, 2014 жылғы 9 тамыздағы № 91 (17028) «Дидар», 2014 жылғы 11 тамыздағы № 91 (19538) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы | А. Жақыпбаев |
2015 жылғы 7 07
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 167 қаулысына 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 202 қаулысына 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған (қызғылт) укекіремен (аcroptilon repens (D. C.)