Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығы
(2017.22.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 63 және 64-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережесіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия отырысының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 2-хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстанның Тауар өндірушілер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттелсін және оған тиісті аккредитеу туралы куәлік берілсін.
2. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы және ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссияның құрамы және ережесі бекітілсін.
4. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры А.Қ. Алиақпаровқа жүктелсін.