«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Аппарат басшысының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Бұйрыққа 6-қосымшада:
Агенттіктің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Нарбаев Болабек Жанбекұлы | - | «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Е.Н. Манжуов шығарылсын;
2) Бұйрыққа 13-қосымшада:
Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Идрисов Олжас Нұрланұлы | - | Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Қ.М. Сәрсембаев шығарылсын;
3) Бұйрыққа 16-қосымшада:
Агенттіктің Алматы қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Бекбердиев Ақжігіт Лесұлы | - | Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан А.С. Тынысбеков шығарылсын;
4) Бұйрыққа 2 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.