«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 194 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 58 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;