Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 158 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.01.03. № 33 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.01.03. № 33 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.06.06. № 128 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман мәртебесін беру кезінде - оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзарту жағдайда - жергілікті атқарушы органдардың шешімі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.06.06. № 128 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)