ҚР СТ 1879-2009
Жұмыс аймағының ауасы
Көміртек монооксидінің массалық концентрациясын анықтау
Көрсеткіштерді тікелей есептейтін және сынамаларды жедел іріктейтін
индикаторлық түтікшелер пайдаланылатын әдіс
ISO 8760:1990 Work-place air - determination of mass concentration of carbon monoxide -
method using detector tubes for short-term sampling with direct indication, MOD
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Әдістің мәні
5. Аппаратура
6. Жабдықты дайындау
7. Өлшеу жүргізу
8. Нәтижелерді өңдеу
9. Сынақ нәтижелерінің дәлдігін бақылау
10. Сынақ хаттамасы
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт индикаторлық түтікшелерді пайдаланып, массалық концентрациясы 10 мг/м3 асатын кезде жұмыс аймағының ауасындағы көміртек монооксидінің құрамын анықтау әдісін белгілейді.
Бақыланатын көрсеткішке қойылатын техникалық талаптар ГОСТ 12.1.005 белгіленеді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай нормативтік құжаттарға (стандарттар) сілтемелер пайдаланылды:
ГОСТ ИСО 5725-1-2003. Өлшеу әдістері мен нәтижелерінің дәлдігі (дұрыстық және дәлме-дәлдік). 1-бөлім. Негізгі ережелер мен анықтамалар.
ГОСТ ИСО 5725-2-2003. Өлшеу әдістері мен нәтижелерінің дәлдігі (дұрыстық және дәлме-дәлдік). 2-бөлім. Стандарттық өлшеу әдісінің қайталанғыштығы мен өндірімділігін анықтаудың негізгі әдісі.
ГОСТ 12.1.005-1988 Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар.
ГОСТ 6359-1975 Метеорологиялық анероидты барографтар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 28498-1990 Сұйықтық құйылған шыны термометрлер. Жалпы техникалық талаптар. Сынақ әдістері.