Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 «Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 32/01 Қаулысы
Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 32/01 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 57/01 қаулысымен бекітілген
Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақтоғай ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20542 болып тіркелген) және коммуналдық қызметтерді көрсету мен төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: