Абай облысы Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27/178-VIII шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, 68-бабына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | Г. Хусайнова |
Курчатов қалалық мәслихатының
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 27/178-VIII шешіміне
1 қосымша
Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
Курчатов қалалық мәслихатының
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 27/178-VIII шешіміне
2 қосымша
Курчатов қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
| № | Атауы |
| 1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |