Введите номер документа
Прайс-лист

«Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 403 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 29 сентября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 14 октября 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 29 сентября 2025

«Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 403 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көп пәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгі жарғысы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгі жарғысы;»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көп пәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгі жарғысы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами