2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 94-15/1 шешімі
(2022.18.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022.18.05. № 121-19/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 53 725 273,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 283 066,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 928 405,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 059 660,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 34 454 142,3 мың теңге;
2) шығындар – 44 969 552,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 238 310,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 3 725 933,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 487 623,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 003 600,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 003 600,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 513 810,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -4 513 810,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 3 725 933,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 056 639,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 816 895,1 мың теңге.
2. 2022 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:
1) «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» бойынша 10 пайыз;
2) «Әлеуметтік салық» бойынша 10 пайыз;