ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы
Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. Тоқаев |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 8 желтоқсан
№ 409
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 409 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету |
| 1. | Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жыл | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
| 2. | Үкіметтің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау | Үкімет қаулысы | 2024 жылғы тамыз | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
| 3. | БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, әйелдердің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің, саяси партиялар өкілдерінің және азаматтық белсенділердің біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін семинар-тренингтер өткізу | тренингтер | 2024-2025 жылдар | Үкімет |