«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/109-VIII шешiмi
Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/284-VIII шешiмiмен күші жойылды
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
2-тармақтың 2), 3) тармақшаларына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.