Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмi
(2025.16.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап, ал 41-тармағының 8) және 9) тармақшалары 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 73 шешіміне 1-қосымша
Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары