Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/8 шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 4/8 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 болып тіркелді).