Введите номер документа
Прайс-лист

«Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 29 января 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 16 февраля 2020
Дата последнего изменениясреда, 29 января 2020

Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қостанай облысының әкімі

А. Мухамбетов

 

Қостанай облысы әкімдігінің

2020 жылғы 29 қаңтардағы

№ 36 қаулысына

қосымша

 

 

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының

тізбесі

 

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 277 қаулысы (2015 жылғы 14 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5780 болып тіркелген).

2. Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 277 «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 маусымдағы № 288 қаулысы (2016 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6561 болып тіркелген).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами