«Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 болып тіркелген, 2015 жылы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2), 4) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;