«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 Қаулысы
(2024.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024.16.02. № 95 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2024.16.02. № 95 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.16.02. № 95 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 713 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2024.16.02. № 95 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.16.02. № 95 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 505 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА инвестициялар тарту және тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру жолымен Жамбыл облысын дамыту мақсатында құрылады.