2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешімі
(2025.14.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне cәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025.14.02. № 26-2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 82 980 895 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 35 405 640 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 600 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 12 531 580 мың теңге;
трансферттер түсімі - 34 443 675 мың теңге;
2) шығындар - 73 634 895 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 9 346 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 9 346 000 мың мың теңге»:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 046 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 700 000 мың теңге.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025.14.02. № 26-2 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тараз қалалық мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 25-3 шешіміне
1-қосымша