Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламенті туралы
Қазақстан Республикасы Құрылтайының 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 30-I Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламенті осы Қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы Қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентінің;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентінің;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 1996 жылғы 20 мамырдағы Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Парламентiнің Регламентiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы | А. ДӘДЕБАЙ |
Қазақстан Республикасы Құрылтайының
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 30-I ҚРҚ Қаулысына
қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
Мазмұны
1-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛТАЙ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ
2-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ СЕССИЯСЫ
3-тарау. ЖАҢАДАН ШАҚЫРЫЛҒАН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
4-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
5-тарау. ДАУЫС БЕРУ ЖӘНЕ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI
6-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ АКТІЛЕРІ. ЗАҢ ШЫҒАРУ БАСТАМАСЫ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
7-тарау. ҚҰРЫЛТАЙДА ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ ҚАҒИДАЛАРЫ
8-тарау. ЗАҢНАМАЛЫҚ СИПАТЫ ЖОҚ АКТІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
3-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ КАДР МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАУ ТӘРТІБІ