Введите номер документа
Прайс-лист

«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 Қаулысы (2026.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 31 июля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 5 октября 2024
Дата последнего изменениясуббота, 18 апреля 2026

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 Қаулысы

(2026.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 40 Қаулысын қарңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-19-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.

2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

Агенттігінің Төрағасы

 

 

М. Абылкасымова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами