«Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 482 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 642/НҚ бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметін көрсету қағидалар) белгіленген тәртіпке сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдауға арналған өтініштерді қағаз нұсқасына балама ретінде электрондық нысанда беру және қарау мүмкіндігімен «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) 6 ай мерзімге іске қосылсын.
2. Қоса беріліп отырған «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі (astanahub.com) арқылы «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету алгоритмі бекітілсін.