Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 37/01 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, көшпелі саудаға арналған орындарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар анықталсын.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 «Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3847 болып тіркелген, 2016 жылы 14 маусымда «Индустриальная Караганда» № 74 (22019), «Орталық Қазақстан» № 94 (22 199) газеттерінде, 2016 жылы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.