Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 ақпандағы № 50 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің құрамы бекітілсін.
2. Жұртшылықпен байланыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер, агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Муксимов Салауат Сыйлыбайұлына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 50 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
жанындағы қоғамдық кеңестің құрамы
| № р/с | АТЫ-ЖӨНІ | ЛАУАЗЫМЫ |
| Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдері |
| 1. | Атағазиева Бақтыгүл Сапарқызы | Қазақстан заң консультанттары палатасы төрағасының орынбасары |
| 2. | Баяжұма Асылбек | ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» КММ директоры |