Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 377-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер;
2) 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы | Қ. Ысқақов |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушының
2024 жылғы 26 тамыздағы
№ 377-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын
елдімекендер
| № | Облыстың атауы | Ауданның атауы | Елдімекеннің атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Абай | Аягөз | Қопа ауылы |
| 2 | Абай | Аягөз | Қарақұм ауылы |
| 3 | Абай | Аягөз | Ақтоғай ауылы |
| 4 | Абай | Аягөз | Жүзағаш ауылы |
| 5 | Абай | Аягөз | Таңсық ауылы |
| 6 | Абай | Аягөз | Тарлаулы ауылы |
| 7 | Абай | Аягөз | Ақбұлақ ауылы |
| 8 | Абай | Аягөз | Айғыз ауылы |
| 9 | Абай | Аягөз | Өркен ауылы |
| 10 | Абай | Ақсуат | Үштөбе ауылы |
| 11 | Абай | Мақаншы | Ақшоқы ауылы |