2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 шешімі
(2018.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018.27.03. № 17/210 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 18/217 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 110 711 397,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 75 616 213,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 9 719 444,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 25 373 238,9 мың теңге;
2) шығындар - 109 057 014,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 429 028,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 638 706,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 067 734,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 803 387,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 804 511,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 124,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 280 024,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 280 024,8 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018.16.05. № 18/217 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. 2018 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1)Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 0 пайыз;
Қарақия ауданына - 24,4 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 98,7 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 95,6 пайыз;